GitHub сілтемесін беріңіз — қосымшаңыз бірнеше минутта интернетте жұмыс істей бастайды. Деректеріңіз Қазақстанда, төлем теңгемен.
Банк картасы қажет емес · Бірінші жоба тегін
Кодыңыз GitHub-та тұрса жеткілікті. Сервер баптаудың, Docker жазудың қажеті жоқ.
Тіл мен фреймворк автоматты анықталады: Node.js, Python, Go, PHP және басқалары.
Бірнеше минутта қосымшаңыз жеке мекенжайда, қорғалған қосылыммен (HTTPS) ашылады.
Кодты GitHub-қа жүктеген сайын жоба өзі қайта жиналады — қолмен ештеңе басудың қажеті жоқ.
Сертификат автоматты алынады әрі мерзімі біткенде өзі жаңарады. Қосымша төлем жоқ.
API кілттер мен құпия сөздер серверде қауіпсіз сақталады, кодыңызда ашық жатпайды.
Құрастыру журналы мен қосымшаның өз шығысы — бірдеңе құласа, себебін бірден көресіз.
Жобаны кез келген сәтте тоқтатуға, қайта қосуға немесе біржола өшіруге болады.
Әр жоба үнемі тексеріліп тұрады, соңғы 24 сағаттағы қолжетімділігі панельде көрінеді.
Қазақстан заңы азаматтардың дербес деректерін ел ішінде сақтауды талап етеді.
Шетелдік карта да, валюта бағамы да керек емес — Kaspi арқылы төлейсіз.
Сервер Алматыда тұр, сондықтан қазақстандық қолданушыға жауап тезірек жетеді.
Жасырын төлем жоқ. Кез келген уақытта ауыстыруға болады.